Жапондар адамның маска кигенін автоматты түрде анықтайтын жүйе ойлап тапты

Жапондар адамның маска кигенін автоматты түрде анықтайтын жүйе ойлап тапты

Жапондар адамның маска кигенін автоматты түрде анықтайтын жүйе ойлап тапты
ашық дереккөзі
Жапондық компания адамдардың маска кигенін автоматты түрде анықтайтын жүйе ойлап тапты. Құрылғының дәлдігі – 99,9%. Жоба авторларының айтуынша, бұл аспап бетперденің бар-жоғын небары 1 секундта анықтайды. Оны кеңселердің немесе басқа орындардың кіреберісіне орнатуға болады. Бұл технология Жапонияда былтыр қазан айында сатылымға түскен. Автоматты құрылғыға Германияның «Люфтганза» және Швейцарияның халықаралық әуе компаниялары да тапсырыс берген. Озық технологияны Токиодағы сатушысы мен күзетшісі жоқ дүкендер де төлем жасау кезінде қолдана бастады. «Бұл жүйені баяғыда қолға алғанбыз. Бірақ коронавирус жағдайы сұранысты бірден арттырып жіберді. Сондай-ақ қазір адамның қатысуынсыз төлем жасауға мүмкіндік беретін құрылғы да ауадай қажет болып тұр», – жоба авторларының бірі Шиния Такашима.