«Ақ жол» партиясының «Полемикалық экономика» жинағы жарық көрді
«Ақ жол» партиясының «Полемикалық экономика» жинағы жарық көрді
Бүгін «Ақ жолдың» республикалық штабында «Полемикалық экономика» жинағының тұсаукесері өтті.
«Ақ жол» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2016 жылғы жұмысы, оның парламенттік фракциясының қызметі туралы материалдар жинағы «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат науқаны аясында екі бөлімнен тұратын жинақ ретінде жарық көрді.
Жинақта «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтің сөйлеген сөздерінің, жарияланымдарының авторлық мәтіндері, фракцияның депутаттық сауалдары қамтылған.