«Ақ жол» партиясының «Полемикалық экономика» жинағы жарық көрді

«Ақ жол» партиясының «Полемикалық экономика» жинағы жарық көрді

«Ақ жол» партиясының «Полемикалық экономика» жинағы жарық көрді
ашық дереккөзі
Бүгін «Ақ жолдың» республикалық штабында «Полемикалық экономика» жинағының тұсаукесері өтті. «Ақ жол» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2016 жылғы жұмысы, оның парламенттік фракциясының қызметі туралы материалдар жинағы «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат науқаны аясында екі бөлімнен тұратын жинақ ретінде жарық көрді. Жинақта «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтің сөйлеген сөздерінің, жарияланымдарының авторлық мәтіндері, фракцияның депутаттық сауалдары қамтылған.  width= «Ақ жол» партиясы мен оның көшбасшысының нарықтық экономиканы дамыту және жеке бизнестің мүдделерін қорғау жөніндегі қызметі басты назарда. Сонымен бірге, олар Тәуелсіздікті нығайту және демократиялық институттар арқылы ұлттық мүдделерді дамыту міндеттеріне бағынады. Жинақта «Ақ жол» партиясының негізгі бағдарламалық бағыттарына жеке-жеке тоқталып өтілген: кәсіпкерлікті қолдау, қазақстандық қоғамды демократияландыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және т.б. Сонымен қатар, көтерілген мәселелер бойынша оң нәтижелер бар, ал кейбір мәселелер жұмысты жалғастыруды талап етеді… «Ақ жол» фракциясы жұмысының қорытындысы бойынша бесінші  шақырылымда жарияланған осындай жинаққа қарағанда, бүгінгі жарыққа шығарылып отырған басылымда материалдар 2 есе көп. Бұл фракцияның 6 шақырымдағы ерекше белсенділігін көрсетеді. Кітап біздің болашақ жұмысымызда да жақсы көмекші болатынына сенімдіміз», – деп Азат Перуашев шара барысында атап өтті. «Полемикалық экономика» жинағы экономистер мен саясаттанушыларға, қазіргі Қазақстанның мемлекеттік және экономикалық құрылыс үрдістеріне, сондай-ақ еліміздің бүгіні мен болашағы туралы пікірталастарға қызығушылық танытатын әрбір адамға қызықты болады.