Әли Бектаев: Агроөнеркәсіптік кешендегі кооперативтік қозғалысты жаңғырту қажет

Әли Бектаев: Агроөнеркәсіптік кешендегі кооперативтік қозғалысты жаңғырту қажет

Әли Бектаев: Агроөнеркәсіптік кешендегі кооперативтік қозғалысты жаңғырту қажет
ашық дереккөзі
«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев бастаған үгіт-насихат тобы Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы «Азат Ет» кооперативінде болып, оның қатысушыларымен кездесті. Іс-шара «Ауылдан ауылға» акциясы аясында өтті және еліміздегі кооперативтік қозғалысты қолдауға бағытталған. «Азат Ет» – еліміздегі мал шаруашылығы саласындағы жұмыстың тұрақтылығын көрсететін және бірлескен қызметтің барлық дәстүрін сақтаған алғашқы және әзірге жалғыз кооператив. «Ауыл» партиясының деректері бойынша соңғы он жылда елімізде шамамен 2700 кооператив құрылған, алайда олардың тек 0,1% жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіреді және тұрақты жұмыс істейді. 2020 жылдың 11 мамырында Қазақстан Президенті Қ.Ж. Тоқаев елімізде шамамен 1,7 млн жеке қосалқы шаруашылық бар екенін және олардың әрқайсысы әлеуметтік-экономикалық әл-ауқат деңгейін арттыруды қажет ететінін хабарлады. Осы тұста, жергілікті атқарушы органдар Президент қойған міндеттерді дұрыс түсіндіріп жүрген жоқ. Кооперативті құрудың бастапқы кезеңінде инвестициялық қолдау көрсетудің орнына, әртүрлі жобалар ойлап тауып, олар сайып келгенде стандартты схема – несиелеуге жеткізілуде. Сонымен қатар, кепілдік талаптары салдарынан кооперативтер қаржы ала алмай және бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін жақсы өндірістік инфрақұрылым құра алмай отыр. «Ауыл» партиясының мүшесі, «Іскер демеу» қоғамдық қорының басшысы Анас Баққожаевтың айтуынша, кооперативтер құруда алғашқы қаржылық көмек мемлекет тарапынан болуы тиіс, өйткені жеке қосалқы шаруашылықтарды тек идея төңірегінде біріктіру мүмкін емес. Осы себепті кооперативтерді қайта құру әрекеттері сәтсіз аяқталды. Осыны ескере отырып, 2019 жылы «Самұрық-Қазына» холдингінің қаржылай қолдауымен Ақмола облысының Ақкөл ауданында «Азат Ет» кооперативі құрылды. Әли Бектаев еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі кооперативтік қозғалысты жаңғырту бойынша партияның жұмысы жалғасады деп санайды. Сонымен қатар, сайлауалды тұғырнамада өндірістік және тұтыну кооперативтерін ынталандыру тетіктерін жақсарту шаралары қарастырылған. Ауыл тұрғындары мен «Азат Ет» кооперативінің қатысушылары одан әрі дамудың перспективалы бағыты ретінде 200 басқа арналған сүт-тауар фермасын құруды және активтерді кооператив балансына беру мүмкін деген ортақ пікірге келді.