COVID-19: қаңтар айында вакцинация науқаны басталады

COVID-19: қаңтар айында вакцинация науқаны басталады

COVID-19: қаңтар айында вакцинация науқаны басталады
ашық дереккөзі
Бразилияның Денсаулық сақтау министрі қаңтар айында жаппай вакцинация науқаны басталатынын хабарлады. Болжамға сәйкес, 2021 жылы екпенің шамамен 354 млн дозасы егіледі. Жергілікті билік вакцина өндіретін бірнеше компаниямен келісімшартқа отырған. Мамандар: «халыққа жаппай екпе егу шарасын шұғыл бастамаса, аймақтағы жағдай одан бетер ушығуы мүмкін», – деп дабыл қағып отыр. Мәселен өңірде коронавирус анықталған науқастардың саны күн өткен сайын артып барады. Аймақта коронавирус індеті кең етек жайып, бақылаудан шыға бастаған. Бүгінде Бразилия ковидке шалдыққан науқастар саны бойынша әлемдегі алғашқы үштікте тұр. «COVID-19 індетіне қарсы екпе егу шарасын шұғыл қолға алу керек. Қазір елде шамамен 60 млн инелі шприц бар. Сондықтан барлық штаттар мен муниципалитеттерде вакцинация науқанын қаңтар айында бастай аламыз. Препарат елдің барлық өңірлеріне жеткізілетін болады», – деді Бразилия денсаулық сақтау министрі Эдуардо Пасуэлло.