Нұр-Сұлтанда 13 көлік өртеніп кетті

Нұр-Сұлтанда 13 көлік өртеніп кетті

Нұр-Сұлтанда 13 көлік өртеніп кетті
ашық дереккөзі
Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін, 7 қаңтарда сағат 08:52-де Нұр-Сұлтан қаласы Есенберлин көшесіндегі көлік жуу орталығында болған. Көліктер өртеніп жатқаны туралы келіп түскен шақыруға Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінен 9 бірлік техника мен жеке құрамнан 15 адам шыққан. Өрт сөндірушілер сағат 08:59-да келіп, «Батыр» көлік жуу орнының екі қабатты ғимаратында көліктер жанып жатқанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша, 13 жеңіл автокөлік зардап шекті. «Көлік жуу орнында автокөлік көп болғандықтан өртті сөндіру біраз қиынға соқты, бірақ өрт сөндірушілердің жедел және сауатты іс-қимылының арқасында өрт 10 сағат 21 минут ішінде ауыздықталып, 10 сағат 53 минут ішінде толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деді ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері. Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД азаматтарға, ТҚС және басқа да кәсіпорындардың иелеріне қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, тұрмыстық техниканы, элетроприборларды пайдалану жөніндегі нұсқаулықты сақтауға, электр сымдарының оқшаулағышы зақымдалған аспаптарды пайдаланбауға сенімді түрде кеңес берді.