«Nur Otan»: Мақтааралда 223 канал қалпына келтіріледі
«Nur Otan»: Мақтааралда 223 канал қалпына келтіріледі
«Nur Otan» партиясының өкілдері Мақтаарал ауданы, Бірлік ауылдық округіне қарасты Талапты елдімекенінде каналдардың жөндеу жұмыcын жүргізіп жатқан құрылысшылармен кездесті.
Экспромт кездесуде кандидаттар құрылысшыларға партияның сайлауалды бағдарламасын, ондағы негізгі басымдықтардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылуын түсіндірді.
Ес білгелі егіншілікпен айналысып жүрген аудан дихандары үшін тік дренаждардың қалпына келтіріліп, каналдардың құрылысын жүргізуі – мемлекеттің мақтааралдықтарға жасаған үлкен қамқорлығы. Кандидаттар бұл жұмыстың нәтижесі жердің құнарлылығын сақтап, ағын су тапшылығын жоюда, өнім көлемін арттыруда, шаруалардың әлеуметтік жағдайын жақсартуда үлкен маңызға ие екеніне тоқталды.