Жаңалықтар

Махамбет ауданында тұрғын үй кешені көбеймек

ашық дереккөзі

Махамбет ауданында тұрғын үй кешені көбеймек

Аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар Құжырбаев Сейтжан Бауыржанұлы, Сүйеуова Баян Сүлейменқызы, Дүйсембаев Жандос Жайлыбайұлы «Есіктен есікке акциясы» аясында Махамбет ауылы және Сарытоғай елді мекені тұрғындарын аралап үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Nur Otan партиясының алдағы 5 жылдықта атқарылар нақты істермен таныстырды. Атап айтар болса Nur Otan партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын   жан-жақты арттыруды, олардың таза ауыз су, сапалы жолдар мен коммуналдық қызметтерге қол жеткізуіне ықпалдасады. Біз жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға, сондай-ақ, қолайлы экологиялық  жағдайды қолдауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетеміз. Нәтижесінде ауданның тұрғындары таза ауыз суға, қолайлы жүріп-тұру мүмкіндігіне, сапалы коммуналдық қызметтерге қол жеткізеді. Таза ауыз сумен қамтамасыз етеміз: Аудан көлемінде 21 елді мекенде 15 су тазарту қондырғылары жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта аудан халқының 98,3 пайыз ауыз суды орталықтандырылған су желісі арқылы тұтынуда, қалған 1,7 пайыз ауылдық округ орталықтарындағы су тазарту қондырғыларынан автокөлікпен тасымалдау арқылы қамтылған. Бұл үшін Nur Otan партиясының ықпалымен 2022 жылы  Еңбекшіл ауылындағы су тазарту қондырғысын қайта жаңғырту және жазғы су желісінің құрылысы жүргізіледі. Тұрғын үйге қол жетімділігін арттырамыз: Әр жанұяға қол жетімді баспананың болуы және жаңа тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдерінің болуы аса маңызды. Ауданда тұрғын үй кезегінде 925 адам, тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімінің кезегінде 4391 адам тұр. Nur Otan партиясы келесідей міндеттер қояды: 2021-2025 жылдарға тұрғын үй пайдалануға 17 000 шаршы метр тұрғын үйлерді іске қосуға. Оның ішінде: - 2021-2025 жылдары Махамбет ауылында 60 пәтер көп қабатты - тұрғын үйдің және 36 пәтер көп қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысын салуға ықпал етуге; - Жеке сектор бойынша тұрғын үй құрылысын салу мақсатында 2021-2025 жылдар аралығында Бейбарыс, Алға және Таңдай ауылдарына инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысын жүргізуге. Осы шаралар нәтижесінде кезектегі 354 отбасы, оның ішінде жастар мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жүйесінің тиімділігін арттыру және абаттандыру Ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта кәдеге жаратуды ұйымдастыру, халықты сарқынды суды тазартумен қамту және жарық желілерімен қамтамасыз ету басым бағыттар болып табылады. Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында елді мекендерді абаттандыру және көшелерді жарықтандыру жұмыстарын іске асыру көзделген. Рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлер жойылып, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау, қайта қадеге жарату шаралары алынатын болады.

 Nur Otan партиясының Атырау облысы Махамбет ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді