«Несиелендірудің қолжетімділігі мен тазалығын арттыруға бар күшімізді саламыз» – Талғат Малаев

6 қаңтар, 2021 / Асқар Аxметқазы
ашық дереккөзі
«Несиелендірудің қолжетімділігі мен тазалығын арттыруға бар күшімізді саламыз» – Талғат Малаев Қостанай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Талғат Малаев Қарасу ауданының сайлаушыларымен үгіт-насихат жұмыстары аясында канвассинг өткізді. Сайлаушылармен кездесу барысында кандидат ауыл тұрғындарына өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілерін түсіндіре отырып, ерекше тоқталды. Кандидат азаматтарды толғандыратын сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, сайлаушыларды толғандыратын ұсыныстарды және мәселелерді тыңдады.
«Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде несиелендірудің қол жетімділігі мен тазалығын арттыруға, оның ішінде:
Жоғарыда аталған шаралар 2025 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 4,5%-дан 4,2%-ға дейін төмендетуге, жыл сайын кемінде 530 адамды жұмысқа орналастыруға және жалақының 101,8-ден 131,2 мың теңгеге дейін өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» – деп атап өтті Қостанай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Талғат Малаев.
Қорыта келе, кандидат барлық тұрғындарға өз алғысын білдіріп, олардың сенімдерін ақтауға уәде берді. Азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауға келіп, Nur Otan партиясына өз дауысын беруге шақырды.

Nur Otan партиясы Қостанай облысының сайлау қорының қражатынан төленді.