Түркістан жұрты кесене маңындағы құрылыс жұмысына алаңдаулы

Түркістан жұрты кесене маңындағы құрылыс жұмысына алаңдаулы

Түркістан жұрты кесене маңындағы құрылыс жұмысына алаңдаулы
ашық дереккөзі
Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық сайлауалды штабының төрағасы Бейсен Тәжібаев түркістандық тұрғындармен экспромт-кездесу өткізді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында өткен жүздесуде Бейсен Дәулетұлы тұрғындарға «Nur Otan» партиясының 5 жылдық сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтарды түсіндіріп, олардың ұсыныс-пікірін тыңдады. Сондай-ақ үгіт-насихат үнпарақтарын таратып, 10 қаңтар күнгі сайлауда бас партияға қолдау білдіруге шақырды. Тұрғындар үміткерге кесене маңындағы құрылыс жұмысының қарқын алғанын айтып, сол маңдағы сауда нүктелерінің де болашығына алаңдаулы екенін жеткізді. Бұл тұрғыда ол кесене маңындағы құрылыстың бас жоспарға сай жүргізіліп жатқанын және алдағы уақытта мұндағы сауда нүктелері арнайы орынға көшірілетінін жеткізді. «Түркістан – тарихи қала. Кесене маңында бас жоспарға сай түрлі тарихи-мәдени маңызы бар ғимараттар бой көтеруде. Негізгі мұндағы сауда нүктелері белгіленген нысандарда орналастырылатын болады. Ол үшін уақыт керек. Сондықтан бұл мәселе дұрыс шешіледі дегім келеді. Ең бастысы – Түркістан қаласы күн санап көркейіп, дамып, адам танымастай өзгеруде. Мұндағы әрбір тұрғынның мәселесі жергілікті биліктің бақылауында. Сіздің мәселеңізге «Nur Otan» партиясы да бей-жай қарамайды», – деді Бейсен Дәулетұлы. Мұнан соң облыстық сайлауалды штабының төрағасы Б.Тәжібаев Түркістан қаласының тұрғыны, зейнеткер, тыл ардагері, 28 жыл өмірін мемлекеттік қызметке арнаған Зайниддин Айнақожаұлы Әбусейітовтің шаңырағына барып, канвассинг-кездесу өткізді. Емен-жарқын әңгіме барысында ақсақалға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, Түркістан қаласындағы оң өзгерістерді баяндап берді. Әсіресе, ақсақал жақында ел Президентінен қолдау тапқан Сауран ауданының құрылатындығы жөніндегі жаңалыққа ерекше қуанғанын байқатты. Сондай-ақ қария бас партияға үлкен сенім артатынын және алдағы сайлауда сәттілік тілейтінін жеткізді. Ақсақал Елбасының Түркістанды облыс орталығы ету туралы  тарихи шешіміне ризашылығын білдіріп, «Ең бастысы – ел іші аман, жұрт тыныш. Алдағы саяси науқанда «Nur Otan» партиясының жеңіске жетуіне сенімдімін. Қазақ елі Елбасы партиясын қолдайды. Өйткені елімізде тұрақтылық пен тыныштық нық орнаған. Қайда жүрсеңдер де мемлекетшіл, адал әрі шыншыл болыңдар!», – деп ақ батасын берді ақсақал.
Материал «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды