Төлеби ауданында 2025 жылға қарай 80 мыңнан астам турист келетін жағдай жасалады

Төлеби ауданында 2025 жылға қарай 80 мыңнан астам турист келетін жағдай жасалады

Төлеби ауданында 2025 жылға қарай 80 мыңнан астам турист келетін жағдай жасалады
ашық дереккөзі

Осыған байланысты «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында ауқымды жобалардың жүзеге асуына ықпал етпек. Мәселен, «Қасқасу» тау шаңғысы кешені салынып, туристік демалыс аймақтарының саны 90-ға жеткізіледі. Бұл туралы үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында елдімекендер мен кәсіпорындарды аралаған Түркістан облыстық маслихатының депутаттығына үміткер Ғалымжан Елшібай мәлімдеді. Кандидат Қайнар ауылына арнайы барып тұрғындармен кездесіп, партияның ықпалымен бүгінге дейін атқарылған жұмыстармен және алдағы уақытта орындалатын жоспарға кеңінен тоқталды. «Халықтық партияның ел мүддесі үшін жұмыс істеп келе жатқанына өздеріңіз куәсіздер. Мәселен, ауылдарыңыздың бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асты. Яғни, ауыз су, газ мәселелері толық шешілді. Енді 565 млн. теңгеге 200 орындық мектеп салу жоспарланып отыр. Мұндай қамқорлық облысымыздың әрбір ауылына көрсетілетін болады. Сондықтан осындай игі істерге бастама болғалы отырған Nur Otan-ға дауыс беріп, қолдау көрсетейік», – деді Ғ.Елшібай.  width= Сондай-ақ, ұлттық спорт ойындарын ұлықтап жүрген Диханкөл ауылының, қазақтың көне дәстүрі – құсбегілікті жалғаған Кеңесарық елдімекенінің азаматтармен кездесіп, «Nur Otan» партиясы қашанда халықпен бірге екенін жеткізді. Одан бөлек, ауданда ғана емес облыс орталында да ұзақ жылдар халыққа қызмет еткен бірқатар азаматтардың шаңырағында канвасинг кездесулер өткізді. Соның бірі ұстаздық жолында ерен еңбек сіңірген Керімбек Мекенбаев ақсақалдың отбасында болып, білім саласының бүгіні мен ертеңі жайында пікір алмасты. Ғ.Елшібай өз сөзінде жастар мамандық таңдау кезінде қоғамға қажетті кәсіпке бармай жататынын айта келе, осы мәселені шешу үшін партия тиісті шараларды қолға алып жатқанын айтты. Оның сөзінше, 2025 жылға қарай жастардың колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алатынын, елдегі 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартылатынын, тиімсіз білім беру мекемелері жабылатыны партияның сайлау алды бағдарламасында көрсетілген. Сонымен қатар, үміткер партияның облыстық сайлауалды штабында қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтарды толғандырған бірқатар мәселелерін қарады. Қоғамдық қабылдауға келгендер тұрғын үй, әлеуметтік көмек мәселелерімен қатар білім саласындағы жағдай, мұғалімдер мәртебесі мен жастар тәрбиесіне қатысты сауалдарын қойды. Ғ.Елшібай бұл мәселелердің барлығы партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген 7 басым бағытта қамтылғанын айтып, біршамасына тоқталып өтті. Яғни, Түркістан қаласында 2025 жылға дейінгі уақытта 9 мектептің құрылысы қолға алынады. Қашықтықтан оқыту нысанын сақтау жағдайында әлеуметтік осал топтағы балаларды үйлерінде онлайн режимінде оқыту үшін 15 536 дана, яғни 100 пайыз компьютерлік техникамен қамтамасыз ету де көзделіп отыр. Партияның жұмыс жоспарына қаныққан тұрғындар сайлауда жетекші партияға бір ауыздан дауыс беретіндерін айтты.

Материал «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды