Үміткерлер қостанайлықтарға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді
Үміткерлер қостанайлықтарға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді
Сайлауалды үгіт-насихаттың аяқталуына бірнеше күн қалды. Қостанай облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Бауыржан Айдаболұлы Тибеев және Гүлмира Амангелдіқызы Қапенова Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова және «Болашақ» корпоративтік қорының директоры, «VISION AD» ЖШС басшысы Динара Чайджүнісовамен бірге «Kostanay Plaza» ОСО-да кездесу өткізді.
Nur Otan партиясының өкілдері жастармен, дүңгіршек иелерімен ашық диалог жүргізді.
– Nur Otan нағыз істің партиясы, ал партияның тұрақтылығы – табыс кепілі. Біз Nur Otan партиясына дауыс беруге дайынбыз, – деді Арман есімді сауда орталығының келушісі. – Ең бастысы, шетте қалмай, сайлауға келіп, өз дауысын беру, өз ұстанымын білдіру – сонда біраз нәрсе өзгереді.
Үміткерлер тұрғындарға қай сайлау учаскесіне жататындығын kostanayelection.kz сайтында ЖСН енгізу арқылы білуге болатынын айтты.
Сонымен қатар Қостанай қалалық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы осы кездесудің заңдылығын, сайлау заңнамасы талаптарының сақталуын, осы кездесудің санитарлық нормаларының сақталуын тексерді. Қандай да бір бұзушылықтар анықталған жоқ.
Nur Otan партиясы Қостанай облысының сайлау қорының қражатынан төленді.