Сайлау учаскелері қызметкерлерінен коронавирус анықталды

Сайлау учаскелері қызметкерлерінен коронавирус анықталды

Сайлау учаскелері қызметкерлерінен коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин сайлау учаскелері қызметкерлерінің арасындағы 8 адамнан вирус анықталғанын айтты.  «2020 жылы 29 желтоқсанда сайлау комиссиясының қызметкерлері, бақылаушылар, сенімді тұлғалар КВИ тестілеуінен өтетіні жарияланған болатын. Бұл жұмыс 3 қаңтардың түнгі 24:00-ге дейін аяқталуы тиіс болатын. Осыдан кейін тіркеу басталды. 3 қаңтарға дейін 10 мың адам тіркелген. Оның ішінде 5000 бақылаушы, сенімді тұлғалар, басқалар да бар. Бұл жұмыстар 5 қаңтардан бастап атқарыла бастады. 2 тәулікте 5840 адам тексерілді. Қалған 4000 астам адам екі күнде тексеріледі. Осылардың арасынан 8 адамнан вирус анықталды. Олар жұмыстан шеттетілді. Олардың нақты бақылаушылар, сенімді тұлғалар, сайлау комиссиясы жұмыскерлері екенін айта алмаймыз. Бұл мәлімет аздан кейін белгілі болады», – деді Жандарбек Бекшин.