Жаңалықтар

"Nur Otan": Маңғыстауда түйе сүтінен ұнтақ жасайтын кәсіпорын ашылады

ашық дереккөзі

"Nur Otan": Маңғыстауда түйе сүтінен ұнтақ жасайтын кәсіпорын ашылады

Еліміз үшін маңызды науқан ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауының өтуіне санаулы күндер қалды. Үгіт-насихат жұмысының соңғы аптасында Маңғыстау ауданы бойынша көптеген іс-шара жүзеге асты. «Есіктен-есікке» акциясы мен канвассинг, экспромт-кездесулер ұйымдастырылды. Солардың бірқатарына тоқталып өтсек. Аудандық мәслихат депутатына үміткер Римма Бердиева мен Сәуле Бусаханова "Жұлдыз" бизнес орталығында болды. Сауда нүктелеріне бас сұғып, орталыққа келген тұрғындарға, кәсіпкерлерге "Nur Otan" партиясының Маңғыстау ауданы бойынша бағдарламасын таныстырды. 2021-2025 жылдар аралығында ауданда 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орын ашатын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылатынын айтты. Тұщыбек, Ұштаған ауылдарында минерал суын шығаратын цех, «Жездыбассай» катод мысының кенорын өндірісі, түйе сүтінен ұнтақ жасайтын кәсіпорын, темір-бетон өндіретін зауыт салынатынын жеткізді. Ауданның сайлауалды бағдарламасында шағын және орта бизнесті дамыту аудан экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде несие беру тетіктерін пайдалану арқылы жылына кемінде 15  жобаны субсидиялау және 20-дан астам жобаға өтеусіз негізде гранттар беріледі. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға және «Еңбек» бағдарламасы бойынша жылына кемінде 85 қатысушыға шағын кредит пен 125 мемлекеттік грант бөлінеді. Коммуналдық базар, сауда орталығы ашылады.