Жаңалықтар

Қарақия ауданында тасымалданатын жүк көлемі 2 есе артады

ашық дереккөзі

Қарақия ауданында тасымалданатын жүк көлемі 2 есе артады

Еліміздегі ірі логистикалық байланыс торабы - «Құрық порты» ұжымымен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау, түсіндіру мақсатында облыстық және Қарақия аудандық сайлауалды штаб мүшелері онлайн байланысқа шықты. «ZOOM» платформасы арқылы партияның «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір!» атты бағдарламасын таныстырып, әр бағыт бойынша атқарылатын жұмыстарды түсіндірді. 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысып, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды. Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол " Қазақстан халқына Жолдауы аясында ірі бизнес-транзиттік аймақтық хабқа айналдыру тұрғысынан, сондай-ақ «Жаңа Жібек Жолы» жобасы шеңберінде «Құрық порты» құрылған болатын. Бүгінде порт  айлағы астық, тыңайтқыштар, мұнай өнімдері, химия­лық заттар, халық тұтынатын тауарлар, машиналар мен түрлі жабдықтар және өзге де жүк түрлерін тиеп-түсіруге негіз­делген қолайлы нысан болып табылады. Жалпы Қарақия ауданында 2 ірі логистикалық байланыс торабы бар. Оның бірі «Құрық» теңіз порты, екіншісі «Болашақ» теміржол стансасы. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, экономиканы ілгерілету мақсатында шекараның орналасу әлеуетін және Қарақия аймағындағы өнеркәсіптік өндірістің артықшылықтары пайдаланылады. Құрық ауылында сақтау көлемі 3,9 млн тонна болатын теңіздік операцияларды қолдау базасы, жылына қуаттылығы 1,1 млн тонна болатын «Саржа» көп салалы логистикалық орталығы (қойма ғимараты) бой көтереді. Осы жылдан бастап «Жеңіс» кен орнында барлау жұмыстары басталады. Бұл шаралар нәтижесінде тасымалданатын жүк көлемі 2 есеге артады.