Жаңалықтар

Франкфурттан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

ашық дереккөзі

Франкфурттан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 6 қаңтарда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпаратты жариялады. 6 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Нидерланды, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді. 1 485 жолаушы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 186 адам, анықтамасыз 299 ҚР азаматы келді. Оның ішінде: - Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 482 жолаушы, анықтамамен - 311; анықтамасыз - 171; - Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 487 жолаушы, анықтамамен - 456, анықтамасыз - 31; - Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 277 жолаушы, анықтамамен - 263; анықтамасыз - 14; - Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 239 жолаушы, анықтамамен - 156; анықтамасыз - 83. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр. 5 қаңтада анықтамасыз келген 215 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижесі бойынша Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.