Жаңалықтар

Өскеменнің бұрынғы әкімі қайтыс болды

ашық дереккөзі

Өскеменнің бұрынғы әкімі қайтыс болды

Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Қажыбаев дүниеден өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz. Оның қайтыс болғаны туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар хабарлады. "Қаланың құрметті азаматы Амангелді Қажыбайұлы Қажыбаевтың қайтыс болғаны туралы өкінішпен хабарлаймын. Амангелді Қажыбаев-Тарбағатай ауданының тумасы, Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері. Кезінде Өскемен және Семей қалаларының әкімі, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған. Жақындары мен туыстарыма қайғырып көңіл айтамын", − деп жазды әкім Instagram парақшасында. Амангелді Қажыбаев 1943 жылы 23 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Комсомол ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Алматы қаласындағы Қазақ политехникалық институтын "инженер-электрик" мамандығы бойынша бітірген. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында жұмыс істей бастады, электрослесарь, шебер, цехтың пайдалану бөлімінің бастығы болды. Әр жылдары Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР өнеркәсіп және сауда Министрінің орынбасары, ҚР Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді, "KEGOC" ААҚ Президенті Кеңсесінің басшысы болды. 2001 жылдың ақпан айынан 2002 жылдың қараша айына дейін ШҚО әкімінің орынбасары лауазымында болды. 2002 жылдың қараша айында Семей қаласының әкімі болып тағайындалды. 2004 жылдың 15 қаңтарынан 2005 жылдың қаңтарына дейін Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарды. Марқұмның жасы 77-де болатын.