Димаш болашақ жарына қоятын талаптарын айтты

Димаш болашақ жарына қоятын талаптарын айтты

Димаш болашақ жарына қоятын талаптарын айтты
ашық дереккөзі
Димаш Құдайберген қытайлық The Amazing Idol (Amazing idol) шоуының эфирінде берген ашық сұхбатында болашақ жарының қандай болғанын қалайтынын айтты.  «Маған қандай қыз ұнайды? Бұл сұрақ бәрін қызықтыратын сияқты. Аспанда әркімнің өз айы бар сияқты. Мен үшін не маңызды? Мен үшін ең бастысы - әдептілік, ақылдылық, нәзік мінез, нәзіктікпен ерекшелену», - деді Димаш. Димаш Құдайбергеннің сөзінше, оның болашақ әйелі, ең алдымен, ата-анасының көңілінен шығуы керек. Сондай-ақ, әнші таңдау жасарда арулардың сыртқы келбетіне мән беретінін жасырмады. «Сыртқы келбетке келетін болсақ, бұл әрине өте маңызды. Егер мен қазір түр-әлпеті маңызды емес екенін айтсам, бастысы жақсы адам болу керек десем, бұл шындыққа сәйкес келмейді», - деп ағынан жарылды ол.