Трамптың үш әлеуметтік желідегі аккаунттары бұғатталды

Трамптың үш әлеуметтік желідегі аккаунттары бұғатталды

Трамптың үш әлеуметтік желідегі аккаунттары бұғатталды
ашық дереккөзі
Тwitter-ден  кейін Facebook және оған тиесілі Instagram да АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың аккаунттарын 24 сағатқа бұғаттады, деп хабарлайды Life.ru.  — Біздің бағалауымыз бойынша, президент Трамптың парақшасында екі ереже бұзылған, осыған байланысты оның функциялары 24 сағатқа өшіріледі. Бұл оның осы уақыт ішінде әлеуметтік желіде жаза алмайтындығын білдіреді", - деп түсіндірді Facebook-тегілер. Instagram басшысы Адам Моссери де Трамптың аккаунты бұғатталғанын хабарлады. Ол Facebook-тің хабарламасын бөлісіп, оның компаниясы да дәл осындай шараға барғанын атап өтті. Осылайша, алдағы тәулікте американдық көшбасшы бірден екі әлеуметтік желіге ештеңе жаза алмайды. 12 сағаттан кейін Трамптың Twitter-дегі аккаунтынан бұғат алынады. Алайда ол әуелі әлеуметтік желінің "ережелерін бұзатын" алдыңғы үш хабарламасын жоюы шарт. Әйтпесе, саясаткер өз аккаунтынан айрылуы мүмкін.