Шавкат Мирзияев: Ресеймен стратегиялық әріптестік нығая түседі

Шавкат Мирзияев: Ресеймен стратегиялық әріптестік нығая түседі

Шавкат Мирзияев: Ресеймен стратегиялық әріптестік нығая түседі
ашық дереккөзі
Өзбекстанның премьер-министрі Шавкат Мирзияев 6 қыркүйекте Самарқанда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу кезінде Өзбекстанның Ресеймен қарым-қатынасы дегеніміз не: «болды, бар және стратегиялық әріптес бола береді» деді.
Өзбекстанға Ресей президенті 3 қыркүйекте жерленген Ислам Каримовтің қабірінің басына тағзым етіп, еске алу үшін келді. Өзбек премьері Владимир Путиннің сапары екі жақты қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін білдіреді, әрі бұл өзбек халқы үшін маңызды деді. Бұған жауап ретінде Владимир Путин Өзбекстанның тұңғыш президенті қалап кеткен берік байланыс тек нығая түсетінін айтты. Өзбекстанның үкімет басшысы Ресей лидерін сапары үшін алғысын білдіріп, республика аза тұтып жатқан кезде, «нағыз достың қайғыға ортақтасуы» деп бағалады. «Әсіресе соңғы жылдары Ислам Абдуғаниұлы екеуміздің арамызда жылы, сенімді қарым-қатынас қалыптасты. Ол екі елдің ынтымақтастығының берік негізін қалады. Ислам Каримовтің ісі жалғасын табады деген сенімдеміз. Сенімді дос ретінде бізге толық арқа сүйеулеріңізге болады», - деді Путин.