Жаңалықтар

COVID-19: «британдық» штамы әлемнің 41 елінде анықталды

ашық дереккөзі

COVID-19: «британдық» штамы әлемнің 41 елінде анықталды

Еуропаның бірқатар елі коронавирустың таралуына байланысты шектеу шараларын кеңейтіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы телеграм каналға сілтеме жасап хабарлайды. 5 қаңтардан бастап Ұлыбританияда үшінші рет қатаң карантинге жабылды. Елде тәулігіне індет жұқтырғандар саны 60 мыңнан асып жатыр. Ұлыбритания үкіметінің бас медициналық кеңесшісі Крис Уиттидің айтуынша, Англияда әрбір 50 адамның біреуі коронавирус инфекциясын жұқтырған.