Қостанайлықтар бас партия көрсеткен көмекті ұмытпайды!

Қостанайлықтар бас партия көрсеткен көмекті ұмытпайды!

Қостанайлықтар бас партия көрсеткен көмекті ұмытпайды!
ашық дереккөзі

Облыстық маслихат депутаттығына кандидат Аслан Дабылов «Астықжан» сауда орталығы келушілерімен кездесті. Кандидат алдағы сайлау туралы, сайлауалды бағдарламаның негізгі тармақтары, азаматтарға көмек көрсету үшін партия қабылдап жатқан шаралар барысын айтып берді.

– Коронавирустық пандемия біздің елдегі экономикалық жағдайға теріс әсер етті. Сондықтан 2020 жылы мемлекет дағдарысқа қарсы шараларды әзірледі. Мәселен карантин шараларының енгізілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 10,9 мың адам азық-түлік, тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем алды. 1,2 мың аз қамтылған отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 5,5 мың кепілдендірілген әлеуметтік пакет 6 жасқа дейінгі балаларға берілді. 4,9 мың адам үшін коммуналдық шығындар өтелді. Елбасы бастамасымен Biz birgemiz акциясы шеңберінде Nur Otan партиясының мүшелері мен еріктілер 1,1 мыңнан астам отбасына азық-түлік себетін үлестірді. 9,6 мың адам 50 000 теңгеден ақша алды. COVID-19 пандемиясынан зардап шеккен ШОБ қолдау үшін екінші деңгейдегі банкілермен жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша сомасы 16,1 млрд теңгеден астам 81 несие берілді. 77 жаңа бизнес-жоба құру үшін 40,8 млн теңгені құрайтын грант берілді. Еңбекпен қамту жол картасы шеңберіндегі жобаларға 19,7 млрд теңге бөлінді, ол жаңадан 5 295 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, – деді Аслан Дабылов. Іс-шара барысында жергілікті жұрт Nur Otan партиясының осы игі жоспарларын бірауыздан қолдайтындығын және партияға деген сенімдері мол екендігін айтты. – Біздің партия Қостанай қаласы халқының үміттеріне сай болуы үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Халықтың барлық топтарының мүдделерін қорғап, халық пен билікті байланыстыратын буын болады. Мақсатымыз – қазақстандықтардың өмір сүру сапасын үнемі жақсарту, – деді өз сөзін қортындылай келе Аслан Дабылов.

Nur Otan партиясы Қостанай облысының сайлау қорының қражатынан төленді.