Әлемдегі ең қымбат футболшының есімі аталды

Әлемдегі ең қымбат футболшының есімі аталды

Әлемдегі ең қымбат футболшының есімі аталды
ашық дереккөзі
CIES Football Observatory әлемдегі ең қымбат футболшыны атады. Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды. Рейтингте бірінші орыннан "Манчестер Юнайтед" пен Англия құрамасының шабуылшысы Маркус Рашфорд көрінді. Оның құны 165,6 миллион еуроға бағаланған. Екінші орында дортмундтық "Боруссияның" шабуылшысы норвегиялық Эрлинг Холанд (152 миллион евро) және ағылшындық "Ливерпульдің" қорғаушысы Трент Александр-Арнольд (151,6 миллион евро). "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси 97-ші орынға тұрақтаған. Оның құны 54 миллион еуроға бағаланады. "Ювентустың" шабуылшысы Криштиану Роналдудың құны Мессиден жеті миллионға арзан, ол 131-ші орынға табан тіреді. 2 қаңтарда Transfermarkt порталы 2020 жылдың қорытындысы бойынша ең қымбат футболшыны атаған еді. Ол ‒ Холанд, оның бағасы 55-тен 110 миллионға дейін өсті.