ҚХП өкілдері шымкенттік теміржолшылармен кездесті
ҚХП өкілдері шымкенттік теміржолшылармен кездесті
Үгіт-насихат науқаны аясында Шымкент қалалық сайлауалды штабы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Шымкент жол бөлімшесі «Шымкент» станциясының ұжымымен кездесу өткізді. Оған ҚХП атынан Мәжіліс және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар қатысты.
ҚХП атынан Мәжіліс депутаттығына үміткер Нұрлан Қадырқұлов сайлаушыларды партияның негізгі үш міндетімен таныстырды. Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Марат Абдуллаев пен Әлібек Баһрам партияның белгіленген мақсаттарға жету жөніндегі 10 бастамасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл – әлеуметтік мемлекет құру, экономикалық стратегияны өзгерту және бюджеттік мемлекеттік бағдарламаларды орындауда мемлекеттік аппараттың тиімділігіне қоғамдық бақылауға қол жеткізу.
Депутаттыққа кандидат Марат Абдуллаев «Шымкент» станциясында шамамен 15 жыл жұмыс істеген. Сондықтан кездесуге қатысқандардың көбісі онымен жақсы таныс. Марат Абдуллаевтың адалдығын білетін ұжым, ҚХП-ның сайлауалды бағдарламасын да жылы қабылдады.
Кездесуге қатысушылар ҚХП-ның сайлауалды тұғырнамасының несие рақымшылығын жүргізу, зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендету, денсаулық сақтау мен білім беруді реформалау, жас отбасыларға ипотека пайызын төмендету, табысы жоғары азаматтар үшін салықты арттыру және т.б. тармақтарын ықыласпен қабылдады.
Үгіт-насихат іс-шарасы аяқталғаннан кейін сайлаушылар Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын жоғары бағалап, қолдайтындықтарын жеткізді. Партияға сайлауда сәттілік тіледі.