Жаңалықтар

Қытай ЭКСПО-2017 туралы роуд-шоу ұйымдастырғысы келеді

ашық дереккөзі

Қытай ЭКСПО-2017 туралы роуд-шоу ұйымдастырғысы келеді

Қытай «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі туралы роуд-шоу ұйымдастырғысы келеді. Бұл туралы бүгін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Қоғамдық кеңестің үшінші отырысында мәлім болды. Кеңеске Қытайдың «ЭКСПО-2017» павильоны жөніндегі комиссары Ван Чинжен арнайы бейнебаян жолдап, онда Шанхайдағы 2010 жылы өткен халықаралық көрмені ұйымдастыру тәжірибесі туралы әңгімелеген болатын. Оның айтуынша, Қытай тарапы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысуға аса зор ықылас білдіріп отыр. Айтулы шараға Қытай Халықаралық сауданы ілгерілету жөніндегі кеңес, Энергетика министрлігі және Туризм министрлігі секілді құраммен болатыны жоспарланған. «Біз Астанадағы көрмеге Қытайдың тәжірибелерінен ең үздік екі жобаны қатыстыруды дайындадық. Бұлар: ҚХР мемлекеттік электрожелілері корпорациясының және Ядролық-энергетика корпорациясының жобалары. Дегенмен, Қытайда көптеген компаниялар өздерінің шараларын Астанадағы үш ай бойы өтетін Халықаралық көрмеде көрсеткісі келетінін айтқым келеді. Осыған байланысты қазіргі күні Ұйымдастыру комитеті белсенді жұмысқа кірісті. Өз тарапымыздан айтар болсақ, біз Қытайда ЭКСПО-2017 көрмесін ілгерілетуге байланысты роуд-шоу өткізуге дайынбыз», - деді Ван Чинжен.