Жаңалықтар

«Nur Otan»: Ақтөбеде сапалы жолдардың үлесі 90 пайызға жетеді

ашық дереккөзі

«Nur Otan»: Ақтөбеде сапалы жолдардың үлесі 90 пайызға жетеді

Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Серік Әліпов пен  Әлімбек Мұханов «Жолаушылар автокөлігі кәсіпорны» ЖШС ұжымымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттады. Кездесуге облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар да қатысты.  Ұжым мүшелерін алдағы сайлауға шақырып, олардың сұрақтарына жауап берді. «Партия барлық саланың басында тұр» деген Әлімбек Мұханов партия аясындағы бағдарламаның орындалуына ат салысатындарын айтып өтті. ‒ Алдағы сайлауға барлық ақтөбеліктерді шақырамын. Біздің партияны қолдаңыздар. Бұлсайлауға қатысу біздің басты мақсаттарымыздың бірі болып табылады. Бағдарламада көрсетілгендей жолдардың сапасын жақсартатын боламыз. Бұл басты жоспарда тұр.  Қаланың жалпы ұзындығы 651 км автомобиль жолдары көліктің экономикалық тиімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді.Жолдардың сапасын жақсарту үшін біз бес жыл ішінде  48 шақырым жаңа автомобиль жолдарын салуғақол жеткіземіз. Оның ішінде қаламыздың жаңа аймағында орналасқан жолдар кіреді. Сонымен қатар қала тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып, маршруттық бағыттарды жыл сайын өзектендіретін боламыз. Қала көшелерін жаяу жүргіншілер жолдарын кезең-кезеңмен жабдықтау.Нәтижесінде 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 65%-дан 90%-ға дейін артады,-деді ол. Кездесу соңында «Жолаушылар автокөлігі кәсіпорны» ЖШС ұжымының басшылары мен қызметкерлері үміткерлерге алғыстарын білдіріп, алдағы сайлауға сәттілік тіледі. Қоғамдық көліктің тариф бағасын көтеруге ықпал етулерін сұрап, ұсыныстарын да білдірді.

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысы Ақтөбе  қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді