«Nur Otan»: Ақтөбеде сапалы жолдардың үлесі 90 пайызға жетеді

Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Серік Әліпов пен  Әлімбек Мұханов «Жолаушылар автокөлігі кәсіпорны» ЖШС ұжымымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттады.

Кездесуге облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар да қатысты.  Ұжым мүшелерін алдағы сайлауға шақырып, олардың сұрақтарына жауап берді. «Партия барлық саланың басында тұр» деген Әлімбек Мұханов партия аясындағы бағдарламаның орындалуына ат салысатындарын айтып өтті.

‒ Алдағы сайлауға барлық ақтөбеліктерді шақырамын. Біздің партияны қолдаңыздар. Бұлсайлауға қатысу біздің басты мақсаттарымыздың бірі болып табылады. Бағдарламада көрсетілгендей жолдардың сапасын жақсартатын боламыз. Бұл басты жоспарда тұр.  Қаланың жалпы ұзындығы 651 км автомобиль жолдары көліктің экономикалық тиімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді.Жолдардың сапасын жақсарту үшін біз бес жыл ішінде  48 шақырым жаңа автомобиль жолдарын салуғақол жеткіземіз. Оның ішінде қаламыздың жаңа аймағында орналасқан жолдар кіреді. Сонымен қатар қала тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып, маршруттық бағыттарды жыл сайын өзектендіретін боламыз. Қала көшелерін жаяу жүргіншілер жолдарын кезең-кезеңмен жабдықтау.Нәтижесінде 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 65%-дан 90%-ға дейін артады,-деді ол.

whatsapp image 2021 01 06 at 16.34.43 1

Сонымен бірге жиында үміткерлер транзиттік-көліктік жағдайын жақсартылатыны туралы да айтты. Себебі Ақтөбе қаласы елдегі ең ірі теміржол торабының бірі болып табылады. Облыс орталығында республиканың барлық аймақтарымен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен және Өзбекстанмен байланысқан жеткілікті кеңейтілген теміржол желісі бар.Ақтөбе вокзалы арқылы 36 пойыз өтеді.  Олардың 7-і халықаралық, 7-і республикалық, 4-і әлеуметтік маңызы бар ауданаралық «Ақтөбе-Шалқар» қатынасында жүреді.

‒ Теміржол көлігінің инфрақұрылымын жақсарту үшін біp жыл сайын 30 жаңа вагонсатып алу арқылы пойыздарды жаңартатын боламыз. Пойыздардың жылдамдығын арттыру үшін заманауи жоғары тиімді көліктік жүйелерді енгізеді. Теміржол тұйықтары иелерін сақтау және тарату үшін инфрақұрылымды жетілдіруге көмектесеміз. Бес жыл ішінде теміржол қатынастары бойынша жолаушылар мен жүк ағыны ұлғайтылатын болады.Сонымен қатар бұл бағдарламада әуе көлігінің инфрақұрылымы туралы да жазылған. Халықаралық Ақтөбе Әуежайы республикадағы алғашқы бестік әуежайдың бірі. Күн сайын Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларына 6 ішкі рейспен әуе тасымалы болады. Тұрақты халықаралық рейстер тұрақты түрде шет мемлекеттерге барып тұрады. Әуе көлігі қызметтерін Ақтөбе облысы халқының 40% пайдаланады. «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай әуежайдың ішкі және халықаралық әуе транзиттік тасымалдар жүйесіне тартылуын ұлғайту міндетін алға қояды. Тек осы саладан ғана емес, әріптестерім де өзге саладан да қаламыздың дамитынын жеткізді. Барлықтарыңыз білетіндей біздің партия алдыңғы қатардағы партиялардың бірі. Біз әр ақтөбелікті сайлауда күтеміз,-деді Серік Әліпов.

whatsapp image 2021 01 06 at 16.34.43

Кездесу соңында «Жолаушылар автокөлігі кәсіпорны» ЖШС ұжымының басшылары мен қызметкерлері үміткерлерге алғыстарын білдіріп, алдағы сайлауға сәттілік тіледі. Қоғамдық көліктің тариф бағасын көтеруге ықпал етулерін сұрап, ұсыныстарын да білдірді.

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысы Ақтөбе  қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Back to top button