Петропавлда 60 шақырым инженерлік желі жаңғыртылады
Петропавлда 60 шақырым инженерлік желі жаңғыртылады
«Nur Otan» сайлауалды штабының мүшелері Анатолий Мишин, Иманғали Татваев және қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Анатолий Антонович Казановский осы саланың алғашқы кәсіподақ ұйымдарының өкілдері болып табылатын теміржол саласының ардагерлер кеңесі арасында үгіт-насихат жүргізді.
Бірінші кезекте, партия өкілдері жиналғандарды Петропавлда «Nur Otan» партиясының атқарған жұмыстары туралы хабардар етті.
«2016-2019 жылдары Қизатов көшесі, Жамбыл көшесі, Жұмабаев- К. Сүтішев көшелерінің қиылысындағы гүлбақтар, «Ана мен бала» гүлбағы, жарық музыкалық субұрқағы бар «Қызылжар» кешені, 20 шағын ауданындағы мешіт жанындағы аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
2020 жылы ауданы 70 мың шаршы метрден астам 7 гүлбақ салу жұмыстары аяқталды. Жалпы алғанда, абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді», - деп атап өтті Анатолий Мишин.
Тақырыпты жалғастыра отырып, Анатолий Иванович төрт жыл ішінде ұзындығы 71,8 км 56 көшеге орташа жөндеу жүргізілгенін атап өтті. Осы жылы жалпы ұзындығы 1,9 км Семашко, Алтынсарин және Кеншінбаев көшелерінің үш учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.Сонымен қатар, бес жылда 454 аулаға асфальт төселді. Алдағы 5 жылға арналған жоспарлар туралы Анатолий Казановский айтып берді.