Елімізде жаңа мереке пайда болды

Елімізде жаңа мереке пайда болды

Елімізде жаңа мереке пайда болды
ашық дереккөзі
Қазақстанда жаңа мереке – архивші күні пайда болды. Архившілердің кәсіби мерекесі 22 желтоқсанда ресми түрде атап өтіледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 48-тармақпен толықтырылсын: «48. Архивші күні – 22 желтоқсан», – делінген Үкіметтің хабарламасында. Үкімет қаулысы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілетіні айтылады. Құжат еліміздің премьер-министрінің ресми сайтында жарияланды.