Жаңалықтар

Түркістан қаласы газбен 100 пайыз қамтылады

ашық дереккөзі

Түркістан қаласы газбен 100 пайыз қамтылады

Қазіргі таңда Түркістан облысындағы 423 елдімекенде тұратын 1,3 млн адам табиғи газбен қамтамасыз етілген. Яғни, облыс халқының 56 пайызы көгілдір отын пайдалануда. Бұл көрсеткіш 2025 жылға қарай 69 пайызға   дейін артатын болады. Өйткені «Nur Otan» партиясы Түркістан облысын газдандыруды толығымен қолдайды.  Осы және өзге де өзекті мәселелер Түркістан облыстық мәслихатына үміткер Базарбай Мұсабековтің Түркістан қаласы тұрғындарымен кездесуінде әңгімеге арқау болды. Кездесу барысында үміткер партияның осы уақытқа дейінгі атқарған жұмыстарын баяндап, кемел келешек құру жолында атқарар жоспарларын таныстырды. Түркістан облысы тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші.  «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасы негізінде алдағы жылдары денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, Түркістан облысының тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш салатындығы айтылды.  Бұл ретте үміткер облыс тұрғындарын ауыз сумен қамту мәселесін де сөз етті. Яғни, «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешуді жоспарлап отыр.  Ауылдық округтер мен аудандарда сумен жабдықтаудың 49 нысанын салуға, 12 елдімекенде сумен жабдықтау желілерін қайта жөндеуге ықпал ететін болады.  Нәтижесінде қалалар мен ауылдық елді мекендер тұрғындарының таза ауыз сумен жабдықтау қызметтеріне қол жетімділігі 100 пайызға жетеді деп жоспарлануда.

Материал «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды