«Nur Otan» 83 мың петропавлдық үшін медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартпақ

«Nur Otan» 83 мың петропавлдық үшін медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартпақ

«Nur Otan» 83 мың петропавлдық үшін медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартпақ
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясынан Петропавл қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Рашбиль Евдаев, Кеңес Мұқышев, Олег Завьялов Петропавлдағы алғашқы ардагерлер ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Партия мүшелері ардагерлерге «Nur Otan» партиясының жұмысы және қаланы дамытудың жеті негізгі басымдықтарын қамтитын сайлауалды бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Олардың бірі медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. «Біз отандық медицинаның жоғары әлемдік стандарттарға сай болуын және барлық қазақстандықтарға денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді қолдаймыз. Ол үшін «Nur Otan» партиясы 2023 жылға қарай «Шығыс» шағын ауданында 500 орындық көпбейінді емханасалуға,«Береке» және «ЖасӨркен» шағын аудандарында 2 отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашуға, сондай-ақ1-ші қалалық аурухана негізінде жүрек-қан тамырлары патологиясы, жарақаты және неврозы бар науқастарды қалпына келтіру бойынша оңалту орталығын ашуға қол жеткізетін болады", - деді Олег Завьялов. Сондай-ақ, ол жалпы практика дәрігерлерін, оның ішінде облыс әкімінің гранты бойынша оқитын жас мамандарды қайтару есебінен тарту жөніндегі партия жоспарлары туралы айтты. Осы мақсатта дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерге арналған жатақхана салынады. Денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған шаралар қаладағы жалпы өлімді 1000 адамға шаққанда 12,02 жағдайға дейін төмендетуге және орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін ұлғайтуға, сондай-ақ 83 мың қала тұрғыны үшін медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.  width= Рашбиль Евдаев бағдарламаның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау екенін атап өтті. Оның сөзінде өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, қазақстандық патриотизм, ұлтаралық келісімге тәрбиелеуге ерекше назар аударылды. «Петропавлда мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайтуүшін жаңа балабақшалар салынады. Бұдан басқа, 2 мың компьютерлік техника бірлігін сатып алу арқылы мектептердің материалдық-техникалық базасы жақсарады. Бұның бәрін партия Сіздердің балаларыңыз бен немерелеріңіз үшін жасайды.Сондай - ақ, вирустық инфекциялар таралған жағдайда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін компьютерлік техника көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін сатып алынады», - деді Рашбиль Евдаев. Мектептерді техникалық жабдықтауды талқылау мәселесіне Киров атындағы зауыттың өкілі қосылды. Ол зауытта шығаратын компьютерлердің Петропавлда қолданылғанын және өте табысты қолданылып келе жатқанын атап өтті. Жалпы, сайлауалды бағдарлама қала ардагерлерінің қолдауына ие болды. Ал партия мүшелері ақсақалдарды сайлауда «Nur Otan» қолдау көрсетуге шақырды.  

«Nur Otan» партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді