Орыс депутаттарын сынаған Төреғалидің соңына полиция түсті

Орыс депутаттарын сынаған Төреғалидің соңына полиция түсті

Орыс депутаттарын сынаған Төреғалидің соңына полиция түсті
ашық дереккөзі
Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі Instagram-дағы жеке парақшасында «Аштық, зорлық тек қырғын әкелмесе, орыстан қашан бізге сый бөлінген?» деп Ресей думасы депутаттарының арандатуына қарсы өлеңмен жауап қайырған болатын. Сонымен қатар, әнші түлкіні желкесінен бүріп ұстап отырған фотосын да жариялаған еді. Осы фото әлеуметтік желіде екіұдай пікір тудырды. Желі қолданушыларының бірқатары Төреғалиді қолдап, оның батылдығына сүйсінсе, енді біразы «жануарды қорлағаны» үшін жауап беруі тиіс деген пікір білдірді. Алматы облысының полициясы да әншінің астарлы фотосы қандай жағдайда түсірілгеніне тексеру жүргізбек екенін мәлімдеді.  Яғни, Төреғалидің бұл әрекетіне құқықтық баға берілмекші. [caption id="attachment_135008" align="alignnone" width="1200"] width= Фото Төреғали Төреәлінің Instagram-дағы парақшасынан.[/caption] «Қазіргі таңда Алматы облысы полиция департаменті аталған жайдың анық-қанығын нақтылауда. Нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады» делінген полиция департаментінің мәлімдемесінде. Айта кету керек, Төреғали Төреәлінің өзі дау тудырған бұл жазбасы мен фотоны өшіріп тастады. Онда әнші үш шумақ мынадай өлең жазған болатын: Енші етіп, шұрайлы да күйлі өңірден, Біз қазаққа жер бердік дейді елірген. Аштық, зорлық тек қырғын әкелмесе Орыстан қашан бізге сый бөлінген? Жымысқы саясатпен алдап-арбап, Айырған хандарымнан, билерімнен. Тіс көрсетіп қояды ауық-ауық, Әрекеті аумаған шибөріңнен. Шулатпай шибөріні дұрыс болар, Көкжалдай көк желкеден кейде бүрген. Жалыққан жоқсыңдар ма көкжалдарым, (Шакалдардың) алдында именуден?!