Шілдеден бастап тиісті нормадан артық газ шығаратын көліктердің айыппұлы 5 есе өседі

6 қаңтар, 2021 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Шілдеден бастап тиісті нормадан артық газ шығаратын көліктердің айыппұлы 5 есе өседі Биылғы жылдың шілде айынан бастап елімізде тиісті нормадан артық газ шығаратын және қатты гүрілдеп жүретін көліктердің айыппұлы өседі. Өткен сенбі, 2 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске экология мәселелері бойынша өзгерістер мен түзетулер енгізуді көздейтін заңға қол қойған болатын. Осы өзгерістер 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, ауаны ластайтын заттарды және дыбысты тиісті нормадан артық шығаратын көлік құралдарына ескерту жасалады, я болмаса, айыппұл салынады. Құжатта айыппұлдың көлемі де көрсетілген. Бір жылдың ішінде құқық бұзушылық қайталанса, айыппұлдың көлемі екі еселенеді.