Меңдіқарада 10 шағын ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі
Меңдіқарада 10 шағын ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары шеңберінде Қостанай облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Гүлмира Жоламанова Меңдіқара ауданының қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидат қатысушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарда ҚР Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттарға өтетін алдағы сайлау туралы хабардар етті, қатысушыларды "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен, оның негізгі мақсаттары мен міндеттерімен, жеті негізгі басымдықтарымен және алдағы 5 жылға арналған жоспарымен таныстырды.
"Алдағы бес жылда біз ұлт денсаулығын нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргіземіз, салауатты өмір салтын насихаттаймыз және спорт алаңдарын салуға ықпал етеміз.Біздің партия Меңдіқара ауданы тұрғындарының үмітіне сай болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады, халықтың барлық жіктерінің мүддесін қорғайтын және халық пен биліктің арасындағы байланыстырушы буыны ретінде әрекет ететін болады. Бұл мақсатта 2025 жылға дейін 28 орта медициналық қызметкер тартылады. 2025 жылға қарай жастар және азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 10 пәтер сатып алу жоспарда. Сондай-ақ 2021-2025 жылдары 20 шағын ауылға сапалы ауыз су тасымалдау мәселесін шешу де біздің бағдарламада қарасытырылған" - деді Гүлмира Жоламанова.
Кездесуді қортындылай келе үміткер сайлаушыларды 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауда "NurOtan" партиясын қолдауға шақырды.
"Nur Otan" партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қражатынан төленді