Берешектері – 430 млн теңге: ШҚО-да салықтан жалтарған екі азамат 5 жылға сотталды
Берешектері – 430 млн теңге: ШҚО-да салықтан жалтарған екі азамат 5 жылға сотталды
Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ірі көлемде салықтан жалтарғаны үшін 5 жылға сотталды.
Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті ШҚО екі тұрғынына қатысты ірі көлемде бюджетке салық төлеуден жалтару фактісі бойынша тергеуді аяқтады.
Тергеу барысында олардың 2017 -2018 жылдар аралығында жалған кәсіпорындардың жалған есепшотын пайдалана отырып, ҚҚС салық айналымын және сатып алынатын тауар, жұмыс және қызметтер есебіне жатқызылатын соманы төмендету, декларацияларға табыстар мен шығыстар туралы жалған мәліметтерді енгізу, салық салудың басқа объектілерін жасыру арқылы мемлекетке 430 миллион теңге көлемінде салық төлемегені анықталды.
Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен олар Қылмыстық кодекстің 28-бабының 2,3 -б., 245 - бабының 1,3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айрылды.
Соттың шешімімен прокурордың мемлекетке 430 миллион теңге көлеміндегі шығынды өндіріп алу туралы азаматтық талап арызы толығымен қанағаттандырылды.