"Nur Otan": Ақтауға туристер ағыны 2 есе артады
"Nur Otan": Ақтауға туристер ағыны 2 есе артады
Ақтау қалалық мәслихат депутатына кандидаттар Мұратбек Досжанов, Шамсадин Гусейнов науқандық жұмыс барысында "Меридиан" медициналық колледжінің оқытушылары және студенттерімен кездесу өткізді.
"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын кеңінен насихаттап, денсаулық сақтау саласының алдағы бес жылда қалай дамитыны жөнінде сөз қозғады. Денсаулық сақтау саласы – партия қарастырып отырған басты басымдық екенін жеткізді. Дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есе артатынын тілге тиек етті.
- Әлемдік пандемияның әсері медицина саласына үлкен күш түсірді. Ақ халатты абзал жандар айлап отбасыларымен қауыша алмады. Олардың басты мақсаты вирус жұқтырған ел тұрғындарының өмірін аман-есен сақтап қалу болды. Қазіргі күні жағдай әлдеқайда жақсы. Ел медцинасын көтеру, емхана мен ауруханаларды заманауи үлгіде жабдықтау, ауруханалар салу, цифрландыру секілді жұмыстарға партия тарапынан аса мән беріліп отыр. Алдағы 5 жылда ауқымды жұмыстар атқарылады, - деді кандидаттар сөз арасында.
Жалпы, «Nur Otan» партиясының Ақтау қаласын дамыту бағдарламасы жеті басым бағыттан тұрады. Мұнда экономиканы көтеру, қала халқын жұмыспен қамту, кәсіпкерлік саласын дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту т.б. бойынша жүйелі жұмыстар қамтылған. Партия экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын сақтауға бар күшін салып, аймақтың жайлы әрі қауіпсіз болуы үшін бар жағдай жасайды.