«Nur Otan»: Ақтауға туристер ағыны 2 есе артады

Ақтау қалалық мәслихат депутатына кандидаттар Мұратбек Досжанов, Шамсадин Гусейнов науқандық жұмыс барысында «Меридиан» медициналық колледжінің оқытушылары және студенттерімен кездесу өткізді.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын кеңінен насихаттап, денсаулық сақтау саласының алдағы бес жылда қалай дамитыны жөнінде сөз қозғады. Денсаулық сақтау саласы – партия қарастырып отырған басты басымдық екенін жеткізді. Дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есе артатынын тілге тиек етті.

– Әлемдік пандемияның әсері медицина саласына үлкен күш түсірді. Ақ халатты абзал жандар айлап отбасыларымен қауыша алмады. Олардың басты мақсаты вирус жұқтырған ел тұрғындарының өмірін аман-есен сақтап қалу болды. Қазіргі күні жағдай әлдеқайда жақсы. Ел медцинасын көтеру, емхана мен ауруханаларды заманауи үлгіде жабдықтау, ауруханалар салу, цифрландыру секілді жұмыстарға партия тарапынан аса мән беріліп отыр. Алдағы 5 жылда ауқымды жұмыстар атқарылады, – деді кандидаттар сөз арасында.

Жалпы, «Nur Otan» партиясының Ақтау қаласын дамыту бағдарламасы жеті басым бағыттан тұрады. Мұнда экономиканы көтеру, қала халқын жұмыспен қамту, кәсіпкерлік саласын дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту т.б. бойынша жүйелі жұмыстар қамтылған. Партия экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын сақтауға бар күшін салып, аймақтың жайлы әрі қауіпсіз болуы үшін бар жағдай жасайды.

136036615 872464356847582 7592013117369391389 n

Жалпы облыс орталығы – Ақтау қаласының жағажай және круиздік туризмді дамыту әлеуеті бар. Мұнда 2020 жылы жаз мезгілінде «RixosWater World Aktau» туристік-қонақ үй кешені ашылды. Бұл кешен Елбасы тапсырмасымен шетелдік инвесторларды тарту арқылы жүзеге асқан болатын. Бүгінгі таңда осы әртараптандырылған кешенде демалғысы келетін туристердің қызығушылығы артып келеді.

Туризм саласын дамыту бойынша аталмыш жұмыстар жалғасын тауып, биыл 500 орынға арналған «Aktau Resort» бес жұлдызды көпфункционалды қонақ үй-туристік кешенінің 1-кезеңі және «Приморский» ауданында аквапарк құрылысы аяқталады.  Сонымен қатар «Достар» қонақ үй кешенін кеңейту аясында аквапарк салынып, «Жартас жолы» бойындағы жағалау абаттандырылады. Туризмді дамыту бағытында 5 жыл ішінде жағажайлар жабдықталып, жол бойындағы сервис жақсарады. Атап өтсек, қазіргі заманғы автономды дәретханалар, киім ауыстыруға арналған кабинкалар, жағажай аймағын жинауға арналған арнайы машиналар мен жабдықтар, қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер қойылады. Қонақ үй бизнесі мен мейрамхана, бір сөзбен келтірсек туристік кәсіптерге ниетті облыс тұрғындары оқытылатын болады. Бұл жұмыстар нәтижесінде туристер ағыны екі есеге өсіп, яғни 160 мыңнан 320 мың адамға дейін жетеді деген жоспар бар.

Кездесуде оқытушылар мен студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Туризмді дамыту бойынша жұмыстарға көңілдері толатындықтарын жеткізді. Партия жұмысына сәттілік тіледі.

 

 «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

 

 

Back to top button