Жаңалықтар

«Nur Otan»: Сайрамда 2,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

ашық дереккөзі

«Nur Otan»: Сайрамда 2,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

«Nur Otan» партиясынан Түркістан облыстық маслихаты депутаттығына үміткер Бекасыл Төлендиев сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Сайрам ауданындағы бірқатар ауылдар мен кәсіпорындарды және сауда орындарын аралады. Ондағы азаматтарға партияның бүгінге дейін атқарған жұмыстарымен және алдағы 5 жылға жоспарланған сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, Nur Otan-ға дауыс беруге шақырды. Олар алдымен Ақсукент-2 елдімекеніндегі «АХБК» тігін фабрикасы, «АсылLTD» бидай өңдейтін кәсіпорнының ұжымымен кездесті. Сондай-ақ, Ауған соғысы және Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен ардагерлері мен ауыл ақсақалдарының батасын алды. Айта кетейік, екі үміткер де елдімекендерді аралап канвасинг және экспромт кездесулерден бөлек, «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимде қоғамдық қабылдау өткізді. Онда аудан тұрғындарын толғандырған сауалдарына нақты жауап беріп, партиямен бірге болуға шақырды. Түрлі форматта өткізілген басқасулардың соңында азаматтар халықтық партияға дауыс беріп, Nur Otan-ға қолдау білдіретіндерін айтты.

 «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды