«Ақ жол» партиясы сусын өндіретін цех қызметкерлерімен кездесті

«Ақ жол» партиясы сусын өндіретін цех қызметкерлерімен кездесті

«Ақ жол» партиясы сусын өндіретін цех қызметкерлерімен кездесті
ашық дереккөзі
Бүгін «Ақ жол» партиясының атынан Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына үміткерлер «Жаңа Роса» алкогольсіз сусындар өндіру цехының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Партияның сайлауалды бағдарламасы 6 негізгі бағыттан тұрады және әлеуметтік саланың, бизнесті қолдаудың, демократияны дамытудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең өзекті мәселелерін қамтиды. «Ақ жол» азаматтардың зейнетақы жинағын екінші деңгейлі банктердің депозиттерінде – өз шоттарында сақтау жолын қолдайды. «Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорының жұмысын да нақты салымшыларға байланыстырған жөн. Әрбір азаматтың Қорда жеке шоты болуы керек. Сол жерде оның төлемдері есепке алынады, салымшының келісімі бойынша оның немесе жақындарының емі үшін ақы төленетін болады. Сапасыз емделген жағдайда тұтынушы бұл қызметтерге ақы төлеуден бас тартуға құқылы болуы тиіс», – дейді Мәжіліс депутаттығына кандидат Фуат Сатыбаев атап өтті. Миниралды су және алкогольсіз сусындар өндірісі цехының бастығы Сергей Бабошконың айтуынша, «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасында жастарды қолдауға көп көңіл бөлінген. «Бізге партияның жұмысшы жастарды, жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлетіні маңызды. Өйткені бәрінің де қымбат пәтер сатып алуға мүмкіндігі бола бермейді», – деп атап өтті ол. Үгіт-насихат тобының мүшелері сайлаушыларды мазалайтын сұрақтарды тыңдап, оларға жауап берді және 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.