Логистика жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету стратегиялық маңызды міндет

Логистика жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету стратегиялық маңызды міндет

Логистика жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету стратегиялық маңызды міндет
ашық дереккөзі
«Ауыл» партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Н.Арсютин үгіт-насихат тобымен бірге Екібастұз қаласыдағы «Богатырь Транс» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті. «Богатырь Транс» ЖШС – теміржол жүк тасымалдаушысы, вагондарды жөндеу бойынша ірі зауыт. Кәсіпорын 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді және көмір экспортын дамытуға белсенді қатысушы. Николай Арсютин өңірдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуден басқа, экспортты дамыту ел үшін валюталық түсім алуға да тартымды деп санайды, бұл ұлттық теңгенің тұрақтануына оң әсерін тигізеді. «Шетелден импортталатын әрбір тауар валютаға сұраныс тудырады, сондықтан бәсекеге қабілетті отандық тауарлар экспортын дамыту аса маңызды. Осыған байланысты логистикалық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету стратегиялық маңызды міндет», – дейді Н.Арсютин. Сонымен қатар, кездесуде жұмысшылардың кәсіптік одақтарының рөлі туралы сөз болды. «Ауыл» партиясы – сайлауалды тұғырнамасына кәсіподақтармен бірлесіп жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті әзірлеуді және енгізуді ұсынған алғашқы саяси ұйымдардың бірі. Кандидат Талғат Зейнуллиннің айтуынша, коммуналдық қызметтерге, бірінші кезекте, өндірістік сектордың кәсіпкерлері үшін электр энергиясына тарифтерді субсидиялау жүйесін енгізу ұсынылады. Үгіт-насихат науқаны кезінде республика көлемінде барлығы әртүрлі ауқымдағы мыңнан астам іс-шара өткізілді, оған «Ауыл» партиясынан депутаттыққа кандидаттардың кәсіпорындар ұжымдарымен кездесулері, кеңестер, дөңгелек үстелдер, флэшмобтар кірді. Сонымен қатар, «Ауылдан ауылға» акциясы аясында депутаттыққа кандидаттар 2145 ауылды аралады.