«Nur Otan»: Тараздағы 1,1 мыңнан астам тұрғын үйдің ауласы абаттандырылады

«Nur Otan» партиясынан Тараз қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Нұрлан Әбілдаев облыс орталығындағы «Алатау» шағынауданының тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

«Өңір тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін «Nur Otan» партиясы халықты сапалы ауыз сумен, жылумен қамтамасыз етеді. Көшелер мен аулалар абаттандырылып, тұрғындар үшін қолжетімді инфрақұрылым тартылады. Тараз қаласында М-1 жылу магистралін қайта жаңартылады. 2025 жылға дейін 1,1 мыңнан астам көп қабатты үйді қамтитын 510 ауланың аумағы абаттандырылмақ. «Жасыл экономика» жобасы шеңберінде 2022 жылы жалпы қуаттылығы 133,8 МВт жаңартылатын энергия көздері бойынша тағы 4 жоба аяқталады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 3 мың облыс тұрғынының өмір сүру сапасы жақсарады», – деді кандидат.

Бір кездері химия өнеркәсібімен аты шыққан қаладағы өндіріс ошақтарының әлеуетін арттыру, отандық өндірушілерді қолдауға, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өнім шығаратын жаңа өндірістерді ашуға басымдық беру де партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдығына жатады. Бұл бастама 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Жаңатас, Қаратау қалаларымен бірге Тараз қаласында да 35 жоба іске асырылып, 6 мың ауылшаруашылығы тауарын өндіруші несиелендірілетін болады.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының барлық басымдығы шағынаудан тұрғындарының көңілінен шықты. Олар өз кезегінде Тараз қаласын тұрмысқа қолайлы аймақ етіп қалыптастырудағы баянды бастамалары үшін бас партияны қолдауға дайын екенін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

Back to top button