«Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасы биыл алғаш рет 216 аймақтық бағдарламада көрініс тапты
«Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасы биыл алғаш рет 216 аймақтық бағдарламада көрініс тапты
Мира Махатчина, «Nur Otan» партиясынан Қарағанды облыстық маслихаты депутаттығына үміткер:
Бүгінде мақсат-міндеті айқын, қолға алынған реформалардың жалғасы ұсынылуда, ол – «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы.
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік институттар ендігі жерде қоғамдық мүдделерден бөлек жұмыс істей алмайды, олардың қызметі толығымен азаматтардың нақты сұранысы мен талап-тілегіне бағытталуы керек» деп баса көрсетті.
Осы орайда ел көкейіндегі сауалдарды тыңдай отырып, партияның республикалық сайлауалды бағдарламасы биылғы жылы алғаш рет 216 аймақтық бағдарламада көрініс тапты, ұстанымы – елді жаңғырту мен барша қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру.
Бүгінде облыс аумағындағы жергілікті тұрғындарға тұғырнаманы түсіндіріп, ой бөлісу, пікірін тыңдау мақсатында әр форматта ауқымды кездесу шарасын атқарылды.