«Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасы биыл алғаш рет 216 аймақтық бағдарламада көрініс тапты

«Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасы биыл алғаш рет 216 аймақтық бағдарламада көрініс тапты

«Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасы биыл алғаш рет 216 аймақтық бағдарламада көрініс тапты
ашық дереккөзі
Мира Махатчина, «Nur Otan» партиясынан Қарағанды облыстық маслихаты депутаттығына үміткер: Бүгінде мақсат-міндеті айқын, қолға алынған реформалардың жалғасы ұсынылуда, ол – «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы. Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттік институттар ендігі жерде қоғамдық мүдделерден бөлек жұмыс істей алмайды, олардың қызметі толығымен азаматтардың нақты сұранысы мен талап-тілегіне бағытталуы керек» деп баса көрсетті. Осы орайда ел көкейіндегі сауалдарды тыңдай отырып, партияның республикалық сайлауалды бағдарламасы биылғы жылы алғаш рет 216 аймақтық  бағдарламада көрініс тапты, ұстанымы – елді жаңғырту мен барша қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру. Бүгінде облыс аумағындағы жергілікті тұрғындарға тұғырнаманы түсіндіріп, ой бөлісу, пікірін тыңдау мақсатында әр форматта ауқымды кездесу шарасын атқарылды.  width= Кездесу аудиториясы әр санаттан болды: тоғыз жолдың торабында орналасқан, экономикамыздың дамуына қосар үлесі зор аудандарымыз бен кеншілер қалаларының тұрғындары, оның ішінде ақылы баға жетпес қазына саналатын үлкендер, ардагерлер, бүгінгі күннің батырлары саналатын медицина саласының қызметкерлері, өз отбасында ғана емес, еліміздің әлеуметтік-саяси торабында да белсенділік көрсетіп жүрген әйел-аналар, ерекше қажеттігі бар тұлғалар, болашақта еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізі саналатын жастар қанаты, экономикамыздың қозғаушы күші саналатын бизнес өкілдері, кеншілер және бастауыш партия ұйым мүшелері, кәсіподақ ұйымы мүшелері және т.б. Бұл кездесулер сәйкесінше әр саланың өңірлік даму жоспары бойынша толық мағлұматтардың берілумен қатар ашық диалог түрінде кері байланысты да қамтыды. Бүгінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толыққанды жүзеге асыру қажеттілігі туындауда. Сондықтан бүгінгі ахуалды нақты, айқын іс-қимылмен шешу – талап, бұл жолдағы беріктігіміз –қиындықты бірлесе еңсеру, оған белсенді атсалысу – қажеттілік, әрбір қазақстандықтың бақуатты өмір сүруі және өзін-өзі дамыту үшін барлық мүмкіндік жасалған берекелі қоғам құру – міндет! Татулықты жырлап, құрлықтардың басын қосқан, тарихы терең елміз. Әр отбасы бірлікті тұмар тұтқан елміз! Болашаққа жол картасын ұсынған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы да осыны көздейді. Мақсатымыз айқын, алдымызда – бірлесе құрған асқақ арман, соған жету жолын таңдаңыз, таңдау күні:10.01.2021ж.
«Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық филиалының сайлау қорынан төленді