Маңғыстау өңірінің тұрғындары қоғамдық көліктер сапасына наразы

Маңғыстау өңірінің тұрғындары қоғамдық көліктер сапасына наразы

Маңғыстау өңірінің тұрғындары қоғамдық көліктер сапасына наразы
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы халықпен байланыс орнатып, жүзбе-жүз әңгімелесіп, партия жұмысымен таныстыру үшін, тұрғындарды толғандырған мәселесін, ұсынысын тыңдап, оның шешімін қарастыру һәм мемлекеттік органдарға жеткізу мақсатында «Есіктен-есікке» акциясын жүргізуде. Депутаттыққа үміткерлер, олардың сенімді өкілдері, сайлауалды штаб мүшелері, ерікті жастар болып үй-үйді аралап, халық көп шоғырланатын орындарына барып, тұрғындармен кездесу ұйымдастырып келеді. Маңғыстау облыстық мәслихат депутатына үміткер Нұрым Ермағанбетовтың сенімді өкілі Дәулет Нөкеров Рахат шағынауданы тұрғындарына, «Жібек жолы» базарының ұжымына үгіт-насихат жұмысын жүргізді.  width= «Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірді. Тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, партияның Жаңаөзен қаласы бойынша жоспарлы бағдарламасымен кеңінен таныстырды. Алдағы сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырды. Облыстық мәслихат депутатына үміткер Жұлдыз Мұханбетқалиқызының сенімді өкілі Талғат Масақбаев пен Зина Ноғаеваның сенімді өкілдері Жанна Бүркітова, Зағила Сайыпова және Жұлдыз Ермекова «Жаңаөзен» ойын-сауық орталығында және «Жібек жолы» сауда үйінде «Рахат» ауылының тұрғындарына үгіт-насихат жұмысын жүргізді. «Қала тұрғындарымен кері байланыс орнатып, сайлауалды бағдарламасы  еліміздің, Маңғыстау өңірінің, Жаңаөзен қаласының өсіп-өркендеуіне, экономиканың дамуына пайдасы зор екенін айта жүріп партия бағдарламасының өте жақсы құрылғанына көзіміз тағы жетті, көңіліміз қуанды», –  дейді Ж.Мұханбетқалиқызы. «Рахат» ауылы «Жұлдыз» шағынауданында облыстық мәслихат депутатына үміткерлер – Жанболат Саймағамбетов, Жұлдыз Мұханбетқалиқызы және Есен Өтеевтың сенімді өкілі барды. Тұрғындармен кездесу кезінде қоғамдық көліктер сапалы қызмет көрсетпейтіні және ауылда азық-түлік дүкендерінің, дәріханалардың болмауына байланысты мәселе көтерілді. Үгіт-насихат шаралары барысында Канвассинг кездесулер де ұйымдастырылды. Қалалық маслихат депутатына үміткерлер Шәріп Ақжігітов пен Айнагүл Күшікбай мұнай саласында 42 жылдық еңбек өтілі бар ардагер Ағлепес Тулаев, үздік кәсіпкер, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі, Маңғыстау облысы наубайханашылар қауымдастығының төрайымы Үміт Құлжанованың шаңырағына барды.  width= «Бірлік пен береке бар жерде ынтымақ пен ырыс бар, әрқайсымыздың бақытымыз баянды болу үшін ауызбіршілікте өмір сүру керек. Еліміздің саяси науқанын қолдап, барша кандидаттарға сәттілік тілеймін», – деген игі тілегін жеткізді Ағлепес Тулаев. Жалпы үгіт-насихат шарасы барысында Жаңаөзен қаласында күніне бірнеше іс-шара жүзеге асырылады.
 «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді