Жеке табыс салығын дұрыс есептеп жүрсіз бе – Мемлекеттік кірістер комитеті

Жеке табыс салығын дұрыс есептеп жүрсіз бе – Мемлекеттік кірістер комитеті

Жеке табыс салығын дұрыс есептеп жүрсіз бе – Мемлекеттік кірістер комитеті
ашық дереккөзі
Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке табыс салығын есептеу мәселесін түсіндіріп берді. Есепшілердің арыздануына байланысты осы уақытқа дейін МЗЖ және МӘМС жеке табыс салығы салынатын кірістерден алынып тасталмайтыны хабарланғанын білеміз. «Сондықтан, жеке тұлғалардың 11%-ға жуық табысы да (10% МЗЖ және 1% МӘМС) жеке табыс салығымен (ЖТС) салықтандырылатын. Яғни, 100 мың теңге табыс тапқан жағдайда ЖТС 10 мың теңгені құрады, негізі ол 8,9 мың теңге болуы керек (100 – 10 – 1) *10%). Сол себептен Салық кодексіне өзгерістер енгізілген. Бұл ретте, МЗЖ және МӘМС-ке салынған жеке табыс салығын қайтару салықтық өтініші бойынша жүргізіледі», – делінген хабарламада. Комитеттің мәліметінше, қызметкерлердің салығын есептеуде бухгалтер үшін (қажетті түзетулер мен өзгерістерге байланысты) қосымша еңбек шығынын тудыратын ахуал қалыптасқан. «Бүгінгі таңда еліміздегі қандай да бір қоғамдық бірлестіктер, қауымдастықтар жеке тұлғалардың мүдделерін білдірмейді деген тәжірибе қалыптасқан. Сонымен қатар, салық төлеушілер – заңды тұлғалардың едәуір бөлігі өз қызметкерін азаматтық-құқықтық шарттарға ауыстырды, бұл әлеуметтік сенімсіздік пен болашаққа деген сенімсіздіктен басқа, салық міндеттемесін оңтайландыру мақсатында схемаларды теріс пайдалануды тудырады, атап айтқанда, осындай қызметкерлерден еңбекақы төлеу қорынан әлеуметтік салық төлеу бойынша (9,5%). Бизнес субъектілерінің өтініші бойынша, 2018 және 2020 жылдардан бастап осы түзетулерді қолдану қажеттілігіне қарамастан, бухгалтерлер үшін (қажетті түзетулер мен өзгерістерге байланысты) қосымша еңбек шығындарын тудыратын ахуал қалыптасып отыр», – делінген хабарламада. Комитеттің хабарлауынша, осыған байланысты 2018-2020 жж кезеңде жүргізілген МЗЖ және МӘМС бойынша шегерімдерді қолданып, 2020 жылғы 10 желтоқсаннан басталған артық төленген жеке табыс салығын қайтаруға берген өтініштер қабылдануы үшін өтпелі ережелерді қарастырып, ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмысы шеңберінде жоғарыда көрсетілген ережелердің қолданысқа ену мерзімін өзгерту туралы мәселе қаралуы мүмкін.