Атырау облысы қайтадан «қызыл» аймаққа енді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті 6 қаңтардағы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Бағалау матрицасына сәйкес, Атырау облысының «қызыл» аймаққа енгені хабарланып отыр.

Сонымен қатар, «сары» аймақта әлі де Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар облыстары тұр.

Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта. Бүкіл Қазақстан аумағы да «жасыл» аймақтың ішіне белгіленген.

Back to top button