«Қайталамаңыздар!». Пранк жасаймын деп пәлеге қалды (видео)

«Қайталамаңыздар!». Пранк жасаймын деп пәлеге қалды (видео)

«Қайталамаңыздар!». Пранк жасаймын деп пәлеге қалды (видео)
ашық дереккөзі
Алматы облысында пранк (әзіл, қызық үшін жасалған әрекет) жасағандар жауапкершілікке тартылды. Polisia.kz сайтының жазуынша, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында автокөлікке зақым әкелген бейнежазба анықталған болатын. Тексеру барысында оқиға Есік қаласында 2021 жылғы 4 қаңтарда болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша полицияға ешкім арыз түсірмегенімен, Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары аталған жағдайға байланысты тексеру ұйымдастырды. Дерек расталып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Алмалы ауылының 21 жастағы тұрғыны және «Фольксваген Пассат» автокөлігінің иесі, Есік қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Оқиғаға қатысушылар алдын ала келісіп, әлеуметтік желілердегі жұрттың назарын аударту мақсатында қоғамдық тәртіпті бұзуға әкелген әрекеттерге барған. Ұсталғандардың айтуынша, істеген әрекеттеріне өкінеді, олар тек парақшаларына жазылушылардың санын арттырып, сосын көліктің әйнегін жөндегілері келген. Құқық бұзушыларға ҚР Әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін материал сотқа жолданды.