11 қаңтардан бастап ескі көліктер утилизацияға қабылданады

6 қаңтар, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
11 қаңтардан бастап ескі көліктер утилизацияға қабылданады Қолданыстан шығып қалған көліктерді утилизацияға қабылдаудың 2021 жылғы бағдарламасы 11 қаңтарда қайта жанданады. Оператор «РОП» баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қаңтардан бастап Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкент қаласындағы қабылдау бекетіне көлікті өткізуге болады. 18 қаңтардан бастап Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Петропавл мен Орал қалаларының қабылдау бекеті жұмысын бастайды. 1 ақпаннан бастап ескі көліктер Алматы қаласында да қабылданады. 2021 жылы АЕК көлемі артқандықтан ескі көлік үшін берілетін төлем көлемі де өсті: Қабылдау бекеттерінің мекенжайы recycle.kz порталында жарияланған.