Армения президенті коронавирус жұқтырды

Армения президенті Армен Саркисян Лондондағы операциядан кейін коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.Бұл туралы Армения президентінің әкімшілігі мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости.

«Президент өзінің демалысы аясында Жаңа жылды Лондонда отбасымен және немерелерімен қарсы алды. 3 қаңтарда Саркисянның аяғына ота жасалып, сәтті өтті. Бірақ президентте коронавирустың симптомдары байқалды, оның сынағы оң нәтиже көрсетті», – деді агенттік дереккөзі.

Back to top button