2021 жылы қандай кәсіп иелерінің ісі оңға басады – нумеролог маман пікірі

2021 жылы қандай кәсіп иелерінің ісі оңға басады – нумеролог маман пікірі

2021 жылы қандай кәсіп иелерінің ісі оңға басады – нумеролог маман пікірі
ашық дереккөзі
Жалпы, 2021 жылға арналған бол­жамдардың барлығы бір арнаға келіп тоғысады: бұл жылы шаруа ең­бегі жемісті болады, ауыл шаруа­шылығы өркен жаяды, өндіріске байланысты кәсіп жақсы жүреді. Саясатта көбінесе консерватор­лар­дың жұлдызы жанады дейді. Келер жыл қандай жыл болмақ, қай жағынан қолайлы, нені басшы­лыққа алу керек, 2021 жылдың ерек­­шеліктері мен мүмкіндіктері жө­нінде нумеролог Құралай Бақыт­қызы айтып берген еді. – 2021 жылдың жыл саны – 5. Бұл сан – өзгеріс саны, сараптау са­­н­ы деп есептеледі. Сол себепті ке­лесі жылды жаһандану жылы деп атауға болады. 2020 жылы жаһанды жайлаған індет адамдарды бір дең­гейге түсірді деп ойлаймын. Келер жыл әр адам өз қабілетін дамыта­тын жыл болмақ. Бұл көбінесе, ма­мандыққа қатысты емес, кәсіпке қа­тысты. Қолөнер, жер өңдеу, зер­гер­лік, аспаздық, шаштараз, етікші сияқты қырларды дамытатын жыл. Түрлі оқу курстарына жазылып, өз-өзіңді шыңдауға, өз-өзіңді табуға өте қолайлы уақыт. Одан бөлек, шағын кәсіп өркендейтін, ескі, қа­тып қалған қасаң қағидалар мен сте­реотиптерді бұзатын, өз-өзіңді жаңа қырыңнан көрсетіп, үлкен жауапкершілік алатын жыл. Әлеуметтік жағдайы төмен адам­дарға көп көмек жасалатын бо­лады деп ойлаймын. Кризистік ор­талықтар ашылуы мүмкін. Ашыл­маса да, соны қажет ететін жыл бол­мақ. Биыл еріктілер жылы бол­ғанын білеміз, келесі жылы да бұл жыл жалғасын тапқаны жөн. Алкоголизмге, аутизмге шал­дық­қан жандарға, көпбалалы ана­ларға көп көмек көрсетілуі керек. Өйткені сондай жандар көмекке кө­бірек мұқтаж болуы мүмкін. Онымен қоса, 2021 жылды ме­талл жылы деп айтуға болады. Ме­талл жылы металдың энергетикасы өте күшті болады. Нақтылықты қа­жет етеді және әділетті жыл. Адам­ның құқығын, қауіпсіздігін қорғау жылы. Денсаулыққа келер болсақ, сүйек, аяқ, тыныс алу мүшелерін күту керек. Яғни пандемия келесі жылы да жалғасады деп ойлаймын. Жыл бойы емес, жылдың алғашы алты айы біраз ауырлау болуы мүм­кін. Етті көбірек жеу керек. Батыс жақ­қа барып демалса, адам күш-қуат, мол энергия жинайтын бо­лады. Жаңа жылды сұр, ақ, күлгін, жыл­тыр, қола, алтын, күміс сияқты ме­талл түстермен қарсы алған дұрыс. Одан бөлек бұл жылы дүниеге ке­летін адамдар қоғамға өзгерістер әке­летін, күш-қуаты тасыған, бола­шақта патриот, елжанды, әлеу­мет­тік, қоғамдық шараларға белсене атсалысатын жандар болады. Ауыл шаруашылығын дамыту керек. Өйткені экономикалық жағ­дайды солай көтеруге болады. Кей жылдар құрылыс, сәулет өнеріне және т.б қолайлы болуы мүмкін. 2022-2023 жылдары туризм, экс­порт-импортқа оңтайлы. Ал биыл, жаңа айтып өткеніміздей, ауыл шаруа­шылығын дамытатын жыл. Медицинаны да дамыту керек. Өн­діріс, өнеркәсіп көп ашылуы керек, өйткені еңбектенуге өте қолайлы болмақ. Келер жыл – сиыр жылы, ал сиыр, тұрақты мекенде тұратын түліктің бірі. Сондықтан баспана мә­селесіне қатысты көптеген күр­меу­лі мәселелер шешімін тауып, түрлі бағдарламалар пайда болады, баспаналы бола алмай жүрген жан­дар армандарына жетеді деп ойлай­мын. Қорыта айтатын болсақ, өзім­нің жеке сараптамам бойынша, 2021 жылдан бастап жаңа дәуір бас­талатын сияқты. Бұрын да 1720, 1820 жылдары оба, испан тұмауы сияқты әртүрлі дерт әр 100 жыл сайын шығып отырған екен. Содан кейін жаңа бір дәуір басталып отыр­ған. Расымен де, адамдар бей­берекетсіздік пен қиындық туған шақта өзгереді. Ішкі түйсігі дамиды, өзіне расымен не керек екенін нақты сезіне бастайды. Табиғатты да аялауды еске түсіреді. 2020 жыл­ғы қиындықтар сол үшін де болған сияқты. Келер жылы әркім жеке тұлға ретінде дамуы керек. Қазақстанды жеке алып қарай­тын болсақ, осы жолы 16 желтоқ­сан­да телеарна эфирінен де өз бол­жамымды айтқанмын. Биыл елі­міз тәуелсіздіктің 29 жылына табан тіреді. Ел бойынша жаппай оқу жылы болмақ. Кезінде «Жол кар­тасы» сынды оқыту бағдарла­ма­лары болған еді, сол сияқты жоба­лар көбейеді деп ойлаймын. Мау­сым айының аяғына дейін (29-жұл­дызы) денсаулықты күту керек. Одан әрі өсу, қарқынды даму бай­қа­латын болады.